Алматыда Томотерапия орталығы ашылды және екі зауыт құрылысының құрметіне оған капсулалар салынды

Алматыда Томотерапия орталығы ашылды және екі зауыт құрылысының құрметіне оған капсулалар салынды

Жаңа нысандардың ашылуына орай өткен салтанатты іс-шараларда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісінің, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ («Алматы» ӘКК), Алматы индустриалды аймағының өкілдері, шетелдік инвестолар қатысты.

Онкология және радиология институтының ғимаратында ашылған Томотерапия орталығында жылына 12 мың сәулелі терапия сеансын өткізу мүмкіндігі бар. Оның инвесторы «Orhun Medical» ЖШС (Түркия) атынан Орталық құрылысына 2,7 млрд. теңге салып отырады. Жобаның операторы «Alma Medical Group» болып табылады. Инвестициялық жобасы 70 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Әрі қарай делегация «Алматы» ӘКК компаниясының тобына кіретін ииндустриалды аймағының аумағында екі жаңа зауыт құрылысының құрметіне капсулалар салу іс-шарасына қатысты. «CELKONSAN Stroy» ЖШС (Түркия) металл  қоршауларының өндірісі бойынша зауыты 2023 жылы пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңгені құрайды, ол пайдалануға енгізілгеннен кейін 25 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Кәсіпорынның  қуаттылығы жылына 12 мың тонна жол қоршауларын және 15 мың тонна ыстықтай мырышталған бұйымдарды құрайтын болады.

«Panelsan» сэндвич-панельдерінің өндірісі бойынша зауыты («Алматы Сэндвич-Панель» ЖШС) жылына 1 млн. шаршы метрге дейін өнім шығаруға ниеттеніп отыр. Жобаның құны – 3,7 млрд. теңге. Шамамен 100 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

«Соңғы бірнеше күн ішінде біз Қазақстанда 7 жаңа түрік жобаларын, оның ішінде, бүгін Алматыда екі зауытты іске қосамыз. Біздің еліміз Түркиямен тығыз байланыс жасап отыр, ол Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып табылады. Бүгінде, біздің республикада түрік капиталы бар шамамен 3,5 мың компания белсенді түрде                  жұмыс істеуде. Түркиядан Қазақстанға келіп түсетін тікелей инвестициялардың көлемі бүгінде 350 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл деңгей пандемияға қарамай, өткен жылы да тұрақты болып қалып отыр. Түрік инвесторларының арасында шағын және орта мөлшердегі компаниялардың көп екенін атап өтеміз. Аталған екі зауыт құрылысының маңыздылығы біздің құрылыс саламыздың өсуімен түсіндіріледі. Мысалы, өткен жылы Қазақстан шамамен 15 млн. шаршы метр жаңа алаңды енгізді, ал осы жылы 17 млн. шаршы метр енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, өзіміз өндіретін құрылыс материалдары бізде жеткіліксіз. Мысалы, Қазақстанда, әзірге, жаңа технология бойынша шығарылатын сэндвич-панельдер өндірілмейді. Аталған зауыттардың құрылысы құрылыс материалдарының құнын төмендетуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Бүгінде, Қазақстанда Түркия инвесторларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба табысты түрде іске асырылды. Бұл ретте, жоғарыда аталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде түрік әріптестеріне жан-жақты көмекті Алматы қаласы әкімдігінің, «Алматы» ӘКК және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ  және Алматы индустриалды аймағының атынан жергілікті атқарушы органдар көрсетті.