Кадрлардың ауысуын қалай азайтуға болады? Өз командаңызды қалай ынталандыру керек? Және цифрландыру жағдайында өз компанияңызды нарықта қалай дұрыс насихаттау керек? Бұл туралы және тағы басқалар туралы Қала күнін мерекелеу шеңберінде «Миллионер сияқты ойлар» кәсіпкерлерге арналған онлайн мастер-класында медиамагнат, ICON телекоммуникация компаниясының Tan Media Group және бірқатар дамыту жобаларының иесі Арманжан Байтасов.
«Кадрлардың ауысуы» басталса, бұл не жалақының төмендігін, не әлеуметтік пакеттің, бонустардың жоқ екенін білдіреді. Сіздің жалақыңыз, әрине, бәсекелестеріңізден төмен болмауы керек, нарыққа талдау жасап отыру қажет. Бұдан басқа, менің тәжірибем көрсеткендей, корпоративтік рух, компанияның миссиясы қызметкерлерге үлкен әсер етеді. Сіздің адамдарыңыз қайда бара жатқанын көруі, келешекті білуі керек. Адамдар арман үшін, келешек үшін, корпоративтік мәдениет үшін келеді. Жалпы, команданы, адамдарды таңдау – бұл күрделі мәселе. Кейде қатал маман болуы мүмкін, бірақ ол бүкіл команданы, оның рухын бұзады. Және керісінше, қарапайым жұмысшы сүйікті ісіне «құмар» болады және өзін үнемі жетілдіріп отырады. Тіпті, Сіз үшін «керемет» адам жұмыс жасаса да, оның нәтижесі болуы маңызды. Бұл адам қаншалықты тиімді? Одан өлшемді түрде қайтарым бар ма? Бұл жерде жақсы HR-маманының жұмысы болуы керек. Шағын компанияларда бұл жүктеме көшбасшыға жүктеледі, ол міндетті түрде ондаған түйіндемелерді іздеуі, адамдармен сұхбаттасуы керек. Бұрын маған сұхбат беру ұнамайтын, бірақ уақыт өте келе мұның маңызды қажеттілік екенін түсіндім», – деп айтып берді онлайн-кездесудің қатысушыларына Арманжан Байтасов.
Сонымен қатар, Кәсіпкер өзінің шыңға өрлеу, тұлға ретінде қалыптасу тарихымен бөлісті. 90-шы жылдардағы алғашқы жетістік кезінде, бар-жоғы бір жылдың ішінде Байтасов компаниясының штат саны 20 қызметкерден 127 қызметкерге дейін күрт өсті, бұл оған ауыр салмақ пен жауапкершілікті жүктеді. Уақыт өте келе Басшы «кім не істеу керек және әр қызметкердің жауапкершілік аймағын белгілеу керек» деген қорытындыға келді.
«Қазір, Қазақстанда өз бизнесін ашу әлдеқайда жеңілірек, мемлекет бастамаларды белсенді түрде қолдайды, бизнес-идеяларды қолдау бойынша бірқатар бағдарламалар бар. Алайда, бір кездері мен «кәсіпкер адамдардың бар-жоғы 5-6%-ы ғана бола алады» деген сөз естідім. Бүгінгі күні, әлемде шамамен 0,5 млрд. кәсіпкер бар. Ресейде, кейбір деректер бойынша, барлық халықтың 3%-ы кәсіпкер. Қазақстанда да сондай статистика деп ойлаймын. Дегенмен, көлеңкелі коммерцияның жоғары деңгейін ескеретін болсақ, бізде кәсіпкерлер көп болуы мүмкін. Бизнес жасауды да үйренуге болады, барлығы бірдей бизнесмен болып туылмайды ғой. Қалай дегенде де, қандай да бір кәсіпкерлік қабілет болу керек, оны дамыту керек», – деп атап өтті спикер.
Мастер-класс өткізу кезінде көтерілген мәселелердің көп бөлігі жоғарылау, жарнама тақырыптарына қатысты болды. Көптеген қатысушылар ақпараттың қанықтылығы жағдайында, өздерінің тауары/қызметі туралы жариялай алмау мәселелеріне тап болды. Атап айтқанда, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында өз бизесін құруға грант ұтып алған «Комбуча» шәй сусынын өндіруші Фариза Бекмаханбет өзінің брендін әрі қарай дамыту бойынша кеңестер сұрады. Оның айтуынша, өндіріс жолға қойылған, бірақ бизнес жәй жүріп жатыр.
«Сіздің жағдайда, бәрінен бұрын, «patience» – шыдамдылық керек. Іс жүзінде, Сіздің бәсекелестеріңіз жоқ, бұл жақсы. Өнімнің пайдалы қасиеттерін насихаттау керек, ол туралы барлық жерде, оның ішінде, әлеуметтік желілерде, айтып жүру керек. Іс-шара ұйымдастырыңыз, оған халықты шақырыңыз, мысалы, тауардың қандай да бір бөлігін тегін таратыңыз, өз өніміңізбен таныстырыңыз. Адамдарды тарту үшін, олар алдымен ішіп көруі, дәмін татуы керек, барлық пайдалы жақтарын сезінуі керек», – деп Арманжан Байтасов кеңес берді.
Сондай-ақ, сұхбаттасу барысында, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер спикерге, одан жеке менторлық, бизнес-тәлімгерлік тәжірибе алу мүмкіндігі бар ма деп қызығушылық танытты. Медиа-гурудың айтуынша, дәл қазір оның компаниясы Creative Leaders Club ашуға дайындалып жүр. Бұл жаңа идеяларды, стандартты емес шешімдерді іздестіру және қалыптастыру, сондай-ақ креативті жобаларды бүкіл әлемге іске асыру мақсатында, табысты, белсенді, заманауи бизнесмендер мен шығармашылық және креативті көшбасшыларды біріктіретін креативті бизнес-платформа болады.
Сонымен қатар, Арманжан Байтасов қатысушыларды әр түрлі салалардың креативті стартаперлері, шығармашылық зияткерлері мен өршіл бизнесмендері кездесетін October fest by Business FM атты күзгі дәстүрлі іс-шараға шақырды. Бұл жылы фестиваль 9 қазанда «Көктөбеде» өтеді және ол желіге қосылуға, шағын және орта бизнестің байланыс деректерімен алмасуға, сапалы нысаналы аудиториялардың жаңа атаулары мен брендтерін ашуға арналған алаң болып табылады.
Арманжан Байтасовпен бірге «Миллионер сияқты ойлар» мастер-класс серияларына Raimbek Group холдингінің иесі Раимбек Баталов және «Magnum Cash&Carry» ЖШС Басқарма Төрағасы Азамат Османов қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.