Түрік инвесторлары Алматыда металды мырыштау зауытын салуды жоспарлап отыр

Түрік инвесторлары Алматыда металды мырыштау   зауытын салуды жоспарлап отыр

Алматы Индустриалды аймағын Түркия делегациясы барып көрді, делегация құрамына Сивас әкімшілік-аумақтық бөлігінің губернаторы Айхан  Салих мырза, Сивас әкімшілік-аумақтық бөлігінің қала әкімі Билгин Хильми, Сивас Джумхуриета университетінің ректоры Илдиз Алим, Сивас ғылыми-техникалық университетінің ректоры Кул Мехмет, Сивас Индустриалды аймағы Директорлар кеңесінің мүшелері Алгин Кадир және Экен Мустафа, Сивас әкімшілік-аумақтық бөлігі Бас Ассамблеясының Төрағасы Аккас Хакан кірді. Қонақтар Индустриалды аймағы басқарушы компаниясының қызметімен танысты, резиденттердің кәсіпорындарында болды.

Келіссөздер жүргізу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырды. Сөйтіп, Nikel Paslanmaz компаниясының әріптестері Индустриалды аймағының аумағында металды мырыштау және гальванизациялау зауытының құрылысына арналған қаражаттарды инвестициялауға дайын екендерін білдірді.

Қазіргі уақытта, «Nikel metal» ЖШС халықаралық компаниясының филиалы Алматы қаласының Әуезов ауданында жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық филиал алюминий, декорациялық және қалайымен қапталған қаңылтыр тақталарды, құбырларды және тот баспайтын құрыштан жасалған мүйістерді, дәнекерлеу жұмыстарынан кейін өңдеуге арналған майұнтақтар мен тағы басқа көптеген өнімдерді сатады. Nikel Paslanmaz халықаралық бренді 1990 жылы Першембе-Пазары (Түркия) қаласында құрылды. Бүгінде, компания металл бұйымдарының өндірісі нарығында көшбасшылық тұғырына ие бола отырып, 59 елге экспортқа өнім шығарады.

Бүгінгі таңда, Алматы Индустриалды аймағында 79,7 млрд. теңге инвестиция көлемімен 16 жоба іске асырылды, 253 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 2 535 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 564 жұмыс орнын құра отырып, 38,8 млрд. теңге жалпы сомасына тағы да 5 өндірістік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2021 жылы Алматы Индустриалды аймағының аумағында 2 өнеркәсіптік паркті және Түрксіб ауданында шағын және орта бизнес субъектілері үшін 220 жұмыс  орнын құрумен қатар, 11,3 мың шаршы метр өндірістік жайды пайдалануға енгізе отырып, 1 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланып отыр. Инвестиция сомасы 1 млрд. теңгені құрайды.