Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы,

050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, каб.321, анықтама үшін телефон: 390-20-44, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды,

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155

Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы жұмысты атқару, сондай-ақ жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізу болып табылады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: бизнес және экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе құқық және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, PhD  философиясының докторы, бағдары бойынша доктор) білімі, сондай-ақ басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және аталған кәсіпорын қызметінің саласындағы нормативтік актілерді білуі тиіс.

Шаруашылық жүргізудің және ұйымды басқарудың заманауи әдістері стратегиялық жоспарлау, экономикалық көрсеткіштер жүйесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасасу мен орындау тәртібі, Кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару және т.б. болып табылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестация жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынуға қажетті құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін үлгіде мазмұндалған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан берілген жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжат үлгілерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6697 тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшысы берген ұсынымдары және т.б. туралы құжаттарының көшірмесін) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ttps://www.gov.kz/memleket/entities/ almaty-upp. сайтында конкурс өткізу туралы хабарланған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде, 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3 қабат, 321 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін конкурсқа қатысушылар Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысушыларға конкурс өткізу, әңгімелесу күні туралы қосымша хабарланатын болады. 

Анықтама үшін телефон: 390-20-44