Қазақстандық жүргізушілерге арналған қосымша енді Өзбекстан мен Украинада пайдаланылады

Қазақстандық жүргізушілерге арналған қосымша енді Өзбекстан мен Украинада пайдаланылады

Қазақстандық автокөлік иелеріне арналған Beep.Beep.kz мобильді қосымшасы Өзбекстан мен Украинада танымал бола бастады. Оның авторы - 29 жастағы алматылық Бағлан Олжабаев.

Қосымша автокөлік иелері мен ТЖО шеберлерін біріктіреді. Мысалы, егер сіз бамперді ауыстыруыңыз керек болса, сіз шеберлерге қысқа видео түсіріп жібересіз, олар жұмыс ауқымын қарап, жөндеу күні мен бағасын айтады. Бір видеоға бірнеше шебер жауап береді. Машина иесі ең тиімді нұсқаны таңдай алады.

Немесе мысал ретінде жүргізушінің көлігінің дөңгелегі жарылып, жолда қалды дейік. Ол «дөңгелекті ауыстыру» белгішесін басады, оған қосымша арқылы жақын жердегі адамдар көмектесе алады. Бағасын клиенттің өзі белгілейді. Егер тым арзан болса, оған бағаны көтеру ұсынылады. Бұл жағдайда қай жерде тұрғаны маңызды емес, себебі платформа Яндекс картасына қосылған. Интернет болмаған жағдайда, сіз байланыс орталығына қоңырау шалып, өзіңіз үшін өтініш жіберуді сұрай аласыз.

«Біз авто әлемін жақсартуға мүмкіндік беретін алаң құрдық. Бұл шұғыл жағдайда дер кезінде көмек көрсету, сұраныстарға жылдам жауап беру, жарты жылға бөліп онлайн режимде сақтандыру, бағаларды - қанша, кімнен және нені тұратынын білу мүмкіндігі, автомобильдерді жалға алу және автокөлік иелері үшін басқа да көптеген қызметтерді біріктіре алды. Көрші елдер біздің жобаға қызыға бастады, бұл бір жағынан заңды десек те болады. Себебі, ол елдерде әзірге мұндай қосымшалар жоқ, ал бұл 90 млн адамнан тұратын қосымша нарық деуге болады», - деді Бағлан Олжабаев.

Бүгінгі күні Beep.Beep.kz 3 мыңға жуық автокөлік иелері мен 100-ден астам шебер пайдаланады. Шеберлер модерация кезінде тексеруден өтеді. Жүз қызметкерге үш өтініш беріледі, егер барлық үш қолданушы оған бес ұпай берсе, онда ол шебер санатына қосылады. Егер шебер сапасыз қызмет көрсетсе, ол жай қолданушы болады.

Қосымшада барлық пайдаланушылар ақша таба алады. Бензин жеткізу, батарея қуаттау, байсалды жүргізуші, курьерлік жеткізу және т.б. қызметтер бар. Жоспарда – айыппұлдар мен көлік салықтарын іздеу/төлеуді енгізу, қызметтер үшін төлем жүргізілетін және бонустар жинақталатын жеке шот құру бар. Бонустар, өз кезегінде, жарнамаға жұмсалуы мүмкін.

«Қазір біз инвестор іздеп жатырмыз, өз бизнесімізді үлкейткіміз келеді. Шын мәнінде, бұл платформаны жақсарту, оған басқа да пайдалы функцияларды қосу өте маңызды. Бұл идея менің досым екеуміз жолда қалып қойып, 2 сағаттан көп көмек күткен кезде пайда болды. Кейін мен идеямды іске асыру жолдарын іздей бастадым. «Qoldaý», «Атамекенде» білім алдым. Екі ұйымда да 2.5 млн теңгеге грант ұтып алып, ноутбуктер мен қуатты сервер сатып алынды. Бұл менің стартапым үшін жақсы бастама болды», - дейді Бағлан Олжабаев.

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында Бағлан Олжабаев ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Qoldaý Start» базалық модулі (Бухгалтерия жүргізу және салық салу сабақтары, маркетингтік талдау, Мемлекеттік сатып алуға қатысу әдістері және т.б.), содан кейін IT бойынша «Qoldaý System» мамандандырылған курсын өтті. «Qoldaý» орталығының мамандары да оған бизнес-жоспар құруға көмектесті, соның арқасында Бағлан "Zhas Halyk" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының қатысушысы болды. Ол бағдарлама 21-30 жастағы кәсіпкерлерге 15 млн теңгеге дейін жылдық 5% мөлшерлемемен кепілсіз берілетінін айта кетейік. Биыл Бағлан Олжабаев Алматының жас кәсіпкерлерінің үздік бестігіне кіріп, Өзбекстандағы ЮНЕСКО байқауының жартылай финалисті атанды.