Алматыда қазақстандық қамту үлесін 90%-ға дейін арттыру жоспарланып жатыр

Алматыда қазақстандық қамту үлесін 90%-ға дейін арттыру жоспарланып жатыр

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы және Алматыда инфрақұрылымдық жобалар құрылысы шеңберінде осы жылы жергілікті қамту үлесін 90% - ға дейін ұлғайта отырып, 101 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15,7 млрд.теңгеге 5 жоба іске асып жатыр, оның ішінде құрылыс материалдарын сатып алуға 9,8 млрд. теңге көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша 6,1 млрд.теңге игерілді. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 94,2% - ды құрады.

ҚМЖ (құрылыс-монтаждау жұмыстары) жобалары бойынша 103,2 млрд.теңге сомасына 96 жоба іске асып жатыр, оның ішінде материалдарды сатып алуға 48,9 млрд. теңге көзделген. 1 шілдедегі жағдай бойынша 4,7 млрд.теңге игерілді. Жергілікті қамтудың үлесі 88% - ды құрады.

Бүгінгі күні жергілікті қамтуды бақылау комиссиясының 24 отырысы өткізілді. Бұдан басқа, жұмыс тобы тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарына мониторинг жүргізіп жатыр.

Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссия Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен бірлесіп "алматылық өндірушілер" пулын құру және өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін өндіріске бірге көру жұмыстары туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда жұмыс тобы 13 отандық кәсіпорынға барды. Екінші жартыжылдыққа кәсіпорындардан тауарларға әлеуетті тапсырыс берушілер пысықталып жатыр.

 

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар

басқармасының баспасөз қызметі