Алматыда «Almaty Business—2021» оқыту және акселерация бағдарламасы бойынша оқушылардың үшінші ағымы іске қосылды.

Алматыда «Almaty Business—2021» оқыту және акселерация бағдарламасы бойынша оқушылардың үшінші ағымы іске қосылды.

Алматыда «Almaty Business—2021» оқыту және акселерация бағдарламасы бойынша оқушылардың үшінші ағымы іске қосылды. Сондай-ақ, 1- ағымның қатысушылары өз сертификаттарын алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаевтың бастамасы бойынша 2019 жылы Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданды.      

Оның аясында қала бизнесмендерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда. Биылғы жылы «Almaty Business—2021» оқыту және акселерация жобасын іске асыру басталды, ол жыл соңына дейін жалғасады.

Алматы қаласының әкімдігі бұл жобаны Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен және «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» қауымдастығымен бірлесіп іске асыруда.

«Акселерациялық бағдарлама оқыту, тәлімгерлік және сараптамалық қолдау арқылы қатысушы кәсіпкерлердің өсу нүктелерін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі атқарушы директор Мунавара Палташева сертификаттарды салтанатты табыстау кезінде.

«Биылғы оқу бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралар аясында әзірленген, жоба тек оқытуды ғана емес, сонымен қатар бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларды да қарастырады: жеңілдетілген несиелер, өтеусіз гранттар», - деп бөлісті Алматы қаласы әкімдігінің жоба үйлестірушісі Әсем Мақашова.

«Almaty Business—2021» акселерация бағдарламасының үшінші ағымында оқытуға 20 адамнан тұратын 7 топ кірісті : 2 топ: нон-фуд саудасы, және бір топ бойынша: тамақ өндірісі, тігін өндірісі, жиһаз өндірісі және қызметтер.

Бағдарлама бойынша тегін оқу үшін тіркелу сілтеме бойынша мүмкін: https://edu.almatybusiness.gov.kz/