Алматыда тауық жұмыртқасына шекті баға белгіленді

Алматыда тауық жұмыртқасына шекті баға белгіленді

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 1 сәуірден бастап, I санатты жұмыртқаға шекті қол жетімді бөлшек құн белгіленді.

№1/204 тиісті қаулы 2021 жылғы 1 сәуірде күшіне енді. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары «тауық жұмыртқасына (I санатты)» шекті қол жетімді бөлшек баға 30 күнтізбелік күн мерзімге он данасы үшін 487 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.

Аталған шара нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеуге бағытталып отыр.

Бұдан бұрын Алматыда мұндай реттеу механизмін қолдану оң нәтиже көрсетті. Өткен жылдың соңында қарақұмық жармасы мен қантқа шекті баға белгілеу қалада өнімнің бір келісінің орташа құнын сәйкесінше 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгене дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Бағалардың сақталуының бақылауын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жүзеге асыратын болады.

Аталған іс-әрекеттер бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, бұзушылық 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.

Сондай-ақ, өнімнің бағаларын ұстап тұру мақсатында, қала әкімдігі бөлген «айналым» қарызының шеңберінде, «Магнум» сауда желісі дүкендерінде жұмыртқа (I санатты) бағасының он данасы үшін 430 теңге деңгейінде бекітілгенін атап өтеміз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағаларын тұрақтандыру үшін шамамен 9 млрд. теңге тартылды. Аталған қаражат реттеу механизмін іске асыру, оның ішінде, қаланың сауда желілеріндегі тауарлар тізбегін бекітілген бағамен кеңейту үшін көзделген.