Бизнес-идеяларды іске асыруға берілген 184 грантты «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Алматыдағы көп балалы аналар алды

Бизнес-идеяларды іске асыруға берілген 184 грантты «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Алматыдағы  көп балалы аналар алды

Қайтарымсыз негізде берілген 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейінгі грантты көп балалы аналар жеке бизнесін ашуға және кеңейтуге бағыттай алады.

Бұл мақсатта, 2020 жылы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, аталған санаттар үшін алғаш рет құжаттар тапсырудың жеңілдетілген жағдайлары: жеке ісін ашу және жобаның инновациялық құрамының болуы үшін бастапқы кепілдік енгізу растамасы қажеттілігінің болмауы көзделді.

Әрбір ұсынылған жоба бойынша шешім алқалы түрде қабылданып отырды. Конкурстық комиссия құрамына қоғамдық бірлестіктердің,                ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

Ең әйгілі бағыттар тамақ (кондитерлік, наубайхана, шағын асханалар), жеңіл (киім тігу) және жиһаз өнеркәсібі саласының жобалары болды.

Ісін жаңадан бастаған бизнесмендерге бизнес-жоспарлар  әзірлеу, оларға консультациялық және сервистік қолдау көрсету (оқыту) бойынша көмекті «Qolday» кәсіпкерлік орталығы көрсетті.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының      2010 жылдан бастап іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Ағымдағы жылы, бағдарлама шеңберінде Алматыда 266 грант, оның ішінде, инновациялық жобаларға 82 грант берілді.