
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасымен, аудан әкімдіктерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін экологиялық таза отын түрлеріне көшіру, сондай-ақ шығарындыларды тазартуға арналған сүзгілеу жүйелерін орнату мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Іс-шараға Қазақстан рестораторлары қауымдастығының өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында экологиялық талаптарды сақтау, ластаушы заттар шығарындыларының деңгейін төмендету және кәсіпкерлік нысандарында заманауи экологиялық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға экологиялық тұрғыдан тиімді технологияларға кезең-кезеңімен көшу тетіктері түсіндірілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыс Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға және бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.