Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығына сәйкес «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) қосуға өтініштер қабылдайды) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді өткізетін немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін және қоғамдық-пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі. Әлеуметтік кәсіпорындар үшін арнайы қолдау шаралары қалыптастырылды (5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдікті шарттардағы Үй-жайлар, жеңілдікті кредиттеу).
Толық ақпарат: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3 қабат, каб. 302 немесе +7(727)390-20-99 байланыс телефоны бойынша
Өтінім беру орны: «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.
Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2026 жылғы «1» маусымнан «15» маусымға дейін қоса алғанда.
Өтінім беру күні: 2026 ж. «1» маусым
Өтінімдерді берудің аяқталу күні: 2026 ж. «15» маусым
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын атап өтеміз.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не Қағидалардың шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Конкурстық құжаттамамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105