Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ
(бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы мамыр айында Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.