
2026 жылы Алматы қаласының индустриялық аймағында жалпы ауданы 22,2 мың шаршы метрді құрайтын бес шағын өнеркәсіптік паркті пайдалануға беру жоспарлануда. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңгені құрайды. Аталған нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектілерін орналастыруға және 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Индустриялық аймақ аумағында орналасу қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етіп, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын өнеркәсіптік парктер жобаларын іске асыруды үйлестіру мен сүйемелдеуді жүзеге асырады. Бұл инвесторлармен өзара іс-қимылды, ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге жәрдемдесуді, сондай-ақ құрылыс барысы мен нысандарды пайдалануға беру процесін мониторингтеуді қамтиды. Басқарманың қызметі бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қаладағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге бағытталған.
Жоба аясында келесі нысандарды салу және пайдалануға беру көзделген:
1. Nur-ai market #1
Инвестициялар – 500 млн теңге
Жұмыс орындары – 100
Мәртебесі: ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мамандануы – құрылыс саласы.
2. «Капстройгрупп-Т»
Инвестициялар – 600 млн теңге
Жұмыс орындары – 100
Мәртебесі: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Мамандануы – жиһаз өнеркәсібі.
3. «Промпарк»
Инвестициялар – 530 млн теңге
Жұмыс орындары – 100
Мәртебесі: қасбетті монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Мамандануы – жеңіл өнеркәсіп.
4. «Arime»
Инвестициялар – 500 млн теңге
Жұмыс орындары – 80
Мәртебесі: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Мамандануы – тамақ өнеркәсібі.
5. «AL Gaz»
Инвестициялар – 200 млн теңге
Жұмыс орындары – 30
Мәртебесі: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Мамандануы – металл өңдеу саласы.
Аталған жобаларды іске асыру Алматы индустриялық аймағын дамытудағы маңызды кезең, шағын және орта бизнестің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, қаланың экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.