Алматы қаласында инвесторлармен ашық диалог өткізілді

Алматы қаласында инвесторлармен ашық диалог өткізілді

Алматыда инвесторлармен ашық диалог өтті — бұл мегаполистің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша шешімдер әзірлеу және мемлекет пен бизнес өзара іс-қимылын талқылауға арналған алаң.

Кездесу Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өтіп, оған қала прокуроры Серік Қарипбеков пен Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бақытжан Ералы қатысты.

Қатысушылар инвестициялық жобаларды іске асыру, әкімшілік кедергілер, мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтерді цифрландыру, инвесторларды сүйемелдеу және олардың құқықтарын қорғау тетіктерін талқылады. Процедуралардың ашықтығына, құқық қолдану практикасына және инвестициялық омбудсменнің рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және «KAZAKH INVEST» өкілдері сөз сөйлеп, инвесторлармен ашық сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Мұндай диалог алаңдары мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді нығайтып, проблемалық мәселелерді жедел шешуге көмектесетіні және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыратыны атап өтілді.