Алматыда 2025 жылдың 4-5 қазанында Алматы облысының тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлеріне арналған кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Алматыда 2025 жылдың 4-5 қазанында Алматы облысының тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлеріне арналған кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

әрмеңке «Bereke Fest» ұлттық бастамасы аясында өтеді.

 

Bereke Fest – ең қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға, қоғамдық жағымды көңіл-күй қалыптастыруға және отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға бағытталған ауқымды ұлттық бастама.

 

Жәрмеңке алматылықтарға ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен қолжетімді бағамен жаңа піскен, жоғары сапалы өнімді ұсынатын жобаның негізгі оқиғаларының бірі болмақ.

 

Жәрмеңкеге барлығы 12 аудан мен екі қала (Алматы және Қонаев) қатысады.

 

Өнімнің 50-ден астам түрі (ет және сүт өнімдері, жеміс-көкөніс өнімдері, шұжықтар, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қамтамасыз етіледі.

 

Өнімнің жалпы көлемі 420 тоннаны құрайды, оның ішінде:

· ет өнімдері – 100 тонна,

· жеміс-көкөніс өнімдері – 150 тонна,

· сүт өнімдері – 50 тонна,

· басқа өнімдер – 120 тонна.

 

Күні: 4-5 қазан, сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін.

Өтетін орны: Қазыбек би көшесі, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін.