20 қыркүйекте ауылшаруашылығы санағының екінші кезеңі басталды, ол 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады. Алматы қаласында онлайн форматта сауалнамадан өтпеген 1,5 мың ауыл шаруашылығы құрылымдарына (ЖШС, ЖК, ШФҚ) саулнама жүргізу жоспарлануда. Аралау үшін интервьюерлер тартылды, олар деректерді планшет арқылы жинайды. Интервьюерлер айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады.
Баршаңызды шараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беруге шақырамыз, бұл мәліметтер барлық аграрлық саланың дамуына әсер етеді. Сұрақтар қарапайым әрі тек ауылшаруашылығы қызметіне қатысты болады.
Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуға болады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу –тегін).