Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері!
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте офлайн форматта өтетін «Бірыңғай есеп күніне» қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында қаланың бақылау-қадағалау органдары 2025 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыстар туралы есеп береді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей қойып, нақты түсініктемелер ала алады.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларымен таныстыру, сондай-ақ бизнестің қауіпсіз әрі заңды қызмет етуіне қолдау көрсету.
Іс-шараға келесі мекемелердің өкілдері қатысады:
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 390-21-09, 390-20-69
Барлық мүдделі кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!