Конкурс

Конкурс

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы,

050010, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 321 кабинет,  анықтама                   телефоны 3902044,

«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС Бас директорының, Басқарма төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Алматы қ., Алатау ауданы, ш/а. Алғабас, 7 көшесі, 142/29 ғимарат

 

Серіктестік қызметінің мәні Алматы қаласының Республикалық маңызы бар индустриялық аймағын басқару болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) жоғары білімі бар. Тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге беріледі;

      2) негізгі қызмет түрі экономика және (немесе) өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл; не арнайы экономикалық және (немесе) мемлекеттік индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл.

Конкурсқа қатысуға мынадай жеке адамдар жіберілмейді:

      1) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамамен расталған соттылығы бар адамдар;

      2) оны мәжбүреп тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшылары, басқарманың бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырған адамдар) және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, акционерлік қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан артық пайызы мөлшеріндегі акцияларды иеленуші, пайдаланушы, билік етуші акционер болғандар;

      3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қазіргі қатысушыларына қатынасы бойынша афилиирленген адамдар болып табылатындар.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 3-қабат 321-кабинет мекенжайы бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына және электрондық мекенжайға: info@almaty.upp.kz ұсыну қажет.

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 Бұйрығымен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар мен мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі конкурсқа қатысуға өтініш;

 

   2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың көшірмелері;

     3) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

     4) жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның, сондай-ақ магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);

     5) сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері (бар болса);

     6) Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

     7) ұсыным хаттар (бар болса);

     8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

      Сондай-ақ, қатысушы Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере алады.

     Конкурсқа қатысушы осы тармақта қарастырылған тізімге сәйкес, әрекет ету мерзімі өтіп кеткен және (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қабылдап алудан бас тартады.

 

Байланыс тұлғасы: Андрейченко Т.Б., тел.: 8 (7272) 3902044