Алматыда кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашылады

Алматыда кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашылады

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты, кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Бостандық («Қазақфильм» шағынауданы), Әуезов (Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі) және Алмалы (Гоголь – Масанчи көшесі) аудандарының жәрмеңкелері қызметін қайта бастайды. Олар өздерінің жұмыстарын осы демалыс күндері: 19-20 қыркүйекте бастайды.

Қалған  «демалыс күнгі» жәрмеңкелерін ашу мәселесі қосымша қаралатын болады.

Барлық нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптары (бетперделер мен антисептиктердің, келушілерге арналған термометрияның болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы) қойылады.