Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Республикалық Достық үйінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлының төрағалығымен Халықаралық ҮЕҰ күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ - мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы - бұл билік органдары мен коммерциялық емес ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара. Отырыста азаматтық қоғамды дамытуға, ашықтықты қолдауға және ҮЕҰ жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер мен бастамалар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген ең белсенді Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаевтың алғыс хатымен марапатталды.