«Ең алдымен адамдар» – «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру»

«Ең алдымен адамдар» – «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру»

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың «Ең алдымен адамдар» – «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру» атты 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде гранттық қаржыландыруды жетілдіру мақсатында, Орталық Министрлікпен бірлесіп, «Birgemiz» краудсорсингтік платформасын (бұдан әрі – платформа) Орталықтың ресми сайтында іске қосты.
Бұл платформа елдегі және өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ҮЕҰ өкілдері мен қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинауға арналған. Барлық жиналған ұсыныстар ұсынылған жобаларды іске асыру мүмкіндігіне талдау жүргізу және қарау үшін Министрлікке, жергілікті атқарушы органдарға және өзге де тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Сондай-ақ, ұсыныстарды талдау нәтижелері 2023 жылға арналған әлеуметтік жобалардың басым тақырыптарын қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады. Ұсыныстарды жинау тұрақты негізде жүргізіледі. Платформа Орталықтың сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://cisc.kz/15062022.