Алматыда Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Аталмыш шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев қатысып, құттықтау сөздерін айтты.

Биыл Қазақстанда Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Абайдың баға жетпес мұрасы қазақтың ұлттық мәдениетіне зор ықпал еткенін атап өтті.

#Qazaqstan30