«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!»

2021 жылдың 18 маусымында БЖЗҚ АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді. 

 

Қазіргі уақытта бүкіл зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі – болашақ зейнетақы төлемдері үшін тамаша сый болып табылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) танымал ету.

Ағымдағы жылы заңнамада жеке және заңды тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын аударуға деген ынтасын жігерлендіруге бағытталған бірқатар өзгерістер орын алды. Мысалы, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға алғаш келіп түскен ерікті зейнетақы жарнасы негіз болып табылады. ЕЗЖ бойынша дербес шот ашудың енді қажеті жоқ.   

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде есепке алынбайды. Қор қызметкерлері ЕЗЖ-ның басқа да артықшылықтары туралы айтып береді және зейнетақы калькуляторының көмегімен ЕЗЖ бойынша тұрақты жарналар есебінен келешекте алатын зейнетақының мөлшерін қалай едәуір арттыруға болатындығын іс жүзінде көрсетеді.

Сондай-ақ, 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан, ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары бар салымшылар ерікті зейнетақы төлемдеріне үміт арта алады. Осылайша, ЕЗЖ бойынша алғашқы төлемді алуды кез-келген жаста бастауға болады.

Ниет білдірушілердің әрқайсысында іс-шара тақырыбымен қатар зейнетақы жүйесі және жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтар бойынша үйден шықпай-ақ, жауап алу мүмкіндігі болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18-і маусымда сағат 10.00 мен 17.00 аралығында төрт сессияда өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірі мен event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

 

 

Күні мен уақыты: 18 маусым 2021 ж. 

10.00 -11.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e12c46df5e9bae20e354c4a331bc3f2c8Еvent-кездесу нөмірі: 184 604 5795

Еvent-кездесу құпиясөзі: 10180621

 

 

 

Күні мен уақыты: 18 маусым 2021 ж. 

12.00 -13.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5040d741e43ddb234a9a6327125f3120 

Еvent-кездесу нөмірі: 184 449 1245

Еvent-кездесу құпиясөзі: 12180621

 

Күні мен уақыты: 18 маусым 2021 ж. 

14.00 -15.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9ed67726db35c3418ed6eb07442fdf6f

Еvent-кездесу нөмірі: 184 198 2253

Еvent-кездесу құпиясөзі: 14180621

 

Күні мен уақыты: 18 маусым 2021 ж. 

16.00 -17.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ebb9578187c24df25e614aff88d256fb9

ent-кездесу нөмірі: 184 799 6169

Еvent-кездесу құпиясөзі: 16180621

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» ақпараттық-түсіндіру шарасында асыға күтеді!

 Байланыс жасайтын тұлға  - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 778 888 7366