Алматы әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында БАҚ арасында байқау жариялады

Алматы әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында БАҚ арасында байқау жариялады

Алматы әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мегаполистің даму тақырыбын үздік жариялаған бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жариялайды. Оның қорытындысы БАҚ қызметкерлерінің күніне орай шығарылады.

Ағымдағы жылы қаланың пандемияға қарсы күресті әлі де жалғастырып келе жатқаны ескеріліп, байқау мына номинациялар бойынша анықталды:
• «Тәуелсіздік кезеңіндегі Алматының дамуы туралы үздік материал»;
• «"Алматы-2050" стратегиясы аясындағы жаңа жүйелі шаралар мен мегаполистің даму қарқыны туралы үздік сараптамалық материал»;
• «Алдыңғы шептегі жұмыс туралы үздік материал (дәрігерлер мен медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері және т. б.)»;
• «Әлеуметтік жобалар туралы үздік материал (Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шаралары, еріктілердің жұмысы, жұмыспен қамту және т. б. туралы)»;
• «Халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ең үздік материал»;
• «Пандемиямен күресудің шынайы тарихы туралы ең үздік деректі/авторлық материал»;

Әрбір номинациялар бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Байқауға қатысу үшін осы жылдың 13 маусымын қоса есептегенге дейінгі материалдарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің info@rsk.almaty.kz, slv-group.kz@mail.ru электронды мекенжайына «Байқауға қатысу үшін» деген белгімен жолдау керек. Өтінімді редакция немесе автор атынан беруге болады. Бір автор бірден бірнеше номинациялар бойынша қатыса алады, алайда бір номинацияда 3 материалдан артық болмауы тиіс. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауда биылғы жылдың басынан бері (жаңалықтар сюжеті, мақалалар, сараптамалық материалдар, репортаждар, видеороликтер, фоторепортаждар және басқалары) жарияланған материалдар қаралады.
Құрамына медиа және журналистика саласындағы тәуелсіз сарапшылар енген арнайы конкурстық комиссия байқау қорытындысын шығарады.

Сұрақтарыңыз бойынша мына нөмерілерге хабарласа аласыздар:
+7 (708) 973 46 55, +7 (708) 970 75 48.