Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов дүниеден өтті

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов дүниеден өтті

Қазақстан Республикасының "Құрмет" орденінің иегері, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген сәулетшісі, көрнекті сәулетші Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханның 89 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

Бүкіл саналы ғұмырын отандық сәулет өнерінің дамуына арнаған Шот-Аман Ыдырысұлы дарынды қабілетімен, кәсіби білігімен тума талант ретінде жұмыстарын патриоттық рухта жазған бірегей тұлға. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаның авторы болуы – өз Елін шексіз сүйгендігінің дәлелі.
Марқұмның жарқын бейнесі, Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына жасаған елеулі еңбегі мәңгі жадымызда.