Алматы қаласында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Алматы қаласында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Министрліктің Алматы қаласындағы стратегиялық сессиясының басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту.

 17 наурызда Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.

Стратегиялық сессияның ашылуында күн тәртібі жөнінде айтылып, cоған сәйкес 13 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптары белгіленді.

Алматы қаласындағы АҚДМ іс-шараларына 200-ден астам адам қатысты, онда телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі «Қазтелеадио» АҚ қызметі; дінтану сараптамасын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, салалық журналистиканы дамыту және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.

Ведомство қызметкерлері Алматы қаласының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараларда айтылған барлық ұсыныстар одан әрі жұмысты орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

Айта кетейік, ел өңірлеріндегі «Министрлік күндері» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.