Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік органдардың жұмыстарын сервистік қызмет моделі форматына айналдыру жалғасуда.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі бойынша Алматы қалалық полиция Департаментінде және оның барлық бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» фронт-офисі ашылды.


Кеңсені ПД басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров ашты.

«Мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға департаменттің және бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ көпшілік қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу болып табылады.Жинақталған ұсыныстар мен шешімдер қоғамдық талқылауға ұсынылып, кеңінен талқыланатын болады», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Спикерлердің айтуынша, Алматыдағы «Adaldyq alańy» кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқаратын болады.

Жобада қала тұрғындары үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған және қажетті санитарлық-эпидемиологиялық стандарттар сақталған. Фронт-офисте білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Азаматтардың мүдделері бірінші кезекке қойылады, сонымен қатар ашықтық пен айқындылық, қоғамның сенімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттары іске асырылады.

Құқық қорғау органдарының жаңа жұмыс форматына көшуі — ашық диалогты қалыптастырады, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытады. Бұл технология сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық заманауи талаптарына сай.

«Біздің жұмысымыздағы басты міндет – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы. Біз барлық мемлекеттік органдарда "Адалдық алаңының" фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз. Мемлекеттік органдардың мұндай өзгеруі сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді», — деді Нығмеджан Сапаров.