2024 жылдың 12 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиналыс өткізілді.

2024 жылдың 12 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиналыс өткізілді.

Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидаттары, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жүйесі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесінің мәні талқыланды.

Спикер М.Ахетов сыбайлас жемқорлықпен күрестегі заңнамалық өзгерістер мен жаңа тәсілдерге тоқтады.

Сондай-ақ, қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі, заңнамаға енгізілген өзгертулер Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін хабарлаған тұлғаларды марапаттау қағидаларын жүзеге асыру немесе басқа жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқаны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ, спикер 2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталатынын, бұл талаптар бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілерге қатысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қала құрылысын бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сапалы талдауды қамтамасыз ету туралы да айтылды.

М. Ахетовтың сөзінің қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі туралы тапсырмалар берілді.