Алматы қаласында «Мечта» тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды.

Алматы қаласында «Мечта» тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысанды бұзуға қатысты тексеру жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді.


Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайында орналасқан ТК құрылысы кезінде көптеген бұзушылықтарға жол берілді, атап айтқанда тексеру кезінде 2 нүктеге рұқсат беру құжаттарының болмауы және бүкіл объект бойынша жобадан көптеген ауытқулар болды.
Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесінде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үйдің атын жамылып тұрғын үй кешенін тұрғызып, сондай-ақ құрылыс салушы қала тұрғындарын адастыра отырып, пәтер ретінде іске асыруды жоспарлады.
Бұған дейін басқарма ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс шеңберінде объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.
2022 жылдың 1 тамызы күнгі тексеру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, оны тапсырыс беруші өз кезегінде орындамады.
2022 жылдың 19 қазанында Медеу аудандық сотына объектіні бұзу туралы талап арыз жолданды, одан кейін ұзақ уақытқа созылған сот талқылаулары жүргізілді.
2023 жылдың 20 шілдеде Алматы қалалық сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды.
2024 жылы 30 қаңтарда Жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі объектіні бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды.
Айта кету керек, ТК бұрын БАҚ-да жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ұсынылмайтын нысан ретінде жарияланған және заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып салынған 54 таулы аймақтардағы объектілерінің тізіміне енгізілген.