Салынып жатқан Pine Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады.

Салынып жатқан Pine Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады.

Өткен жылдан бері басқарма қосымша қабатты бұзу үшін құрылыс салушыны сотқа беріп келеді.

Мәселен, Ерменсай ықшамауданы 7 уч. 8/1 нысанын тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды – сараптама қорытындысы, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу хабарлама жоқ, рұқсат тек 2 қабатты құрылысқа ғана берілген.

Дегенмен, құрылыс салушы тұрғын үйдің 3-қабатының құрылысын бастап кеткен. Өткен жылдың қараша айында басқарма үйді бұзу туралы сотқа шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Аппеляциялық шағым оң шешім беріп, салынып жатқан нысанның үшінші қабатын бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді, оны Әділет департаменті орындайтын болады.