Лицензиядан айырды: Алматыда Төле би көшесіндегі жолдың опырылуына кінәлі құрылысшы компания жазаланды

Лицензиядан айырды: Алматыда Төле би көшесіндегі жолдың опырылуына кінәлі құрылысшы компания жазаланды

Бұрын хабарланғандай, бірқатар проблемалы нысандар, оның ішінде Төле би / Мұратбаев көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді реконструкциялаған орындаушыларға қатысты қайта тексеру тағайындалды.
Тексеру нәтижесінде инженерлік желілерді салу кезінде «Сұңқар» ЖШС мен «AGS-PLAST» ЖШС-не қатысты өрескел бұзушылықтар анықталып, материалдар сотқа жіберілді.
МАӘС шешімімен екі компания да құрылыс лицензиясынан айырылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде стандарттардың сақталуын бақылау күшейтілді, қазір біз ісі
сотта қаралып жатқан өз жұмысын нашар атқаратын мердігерлердің тізімін құрудамыз.
Айта кету керек, бұған дейін осындай бұзушылықтар анықталғаны үшін Тастыбұлақ ықшам ауданында орталық коммуникация құрылысын жүргізген «Монолит Дизайн-2030» ЖШС-і де лицензиясынан айырылған болатын.