Келісімге келді: тұрғындар мен құрылыс иесі Нұрмақов, 81 мекенжайында салынып жатқан қонақ үйдің ұзыртылып кеткен жарты бөлігін бұзуға келісті

Келісімге келді: тұрғындар мен құрылыс иесі Нұрмақов, 81 мекенжайында салынып жатқан қонақ үйдің ұзыртылып кеткен жарты бөлігін бұзуға келісті

Тұрғындар мен құрылыс салушы арасындағы даулы жағдай бейбіт жолмен аяқталып, құрылыс салушы объектінің бірінші блогының жартысын бөлшектей бастады.
Әкімдік пен құрылыс салушы арасында салынып жатқан қонақ үйдің бірінші блогын қысқарту туралы келісім жасалды. Осылайша, тұрғын үйдің аула аумағы ұлғайтылатын болады. Дәл қазір тұрғызылған блоктың екі аралығын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылысты жүргізуші «Алатау Инвест» ЖШС келісілген жұмыстар ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін аяқталады деген кепілдік хатын бергенін ескерте кеткен жөн.