Қала тұрғындары бізге көбіне құрылыс нысандарын бұзу немесе жалпыға ортақ жерлерді тартып алу жайттарын тексеру туралы өтінішпен жүгінеді

Қала тұрғындары бізге көбіне құрылыс нысандарын бұзу немесе жалпыға ортақ жерлерді тартып алу жайттарын тексеру туралы өтінішпен жүгінеді

Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, жоспардан тыс тексеру және тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу ережелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен реттеледі.

Сонымен, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. Ал жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.

Тексеруге сұраныс жіберуге арналған әрекеттер алгоритмін талдайық.
Сонымен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында жасырын өтініштер қаралуға жатпайтындығы көрсетілген.

Заңға сәйкес жазбаша өтінішке қойылатын талаптар:
- жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі мен аты көрсетіледі;
- Пошталық мекенжай;
- жоспардан тыс тексеруге негіз бола алатын нақты фактілер;
-өтініш берушінің қолы қойылу немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы керек.

Ресми өтініштер жіберу нұсқалары:
- www.egov.kz веб-сайты
- Абай даңғылы, 90 мекенжайында орналасқан Басқармаға апарып тапсыру немесе www.Egov.kz электронды порталы арқылы жіберу.

Басқарма құзыретіне кіретін осы және басқа мәселелер бойынша қосымша кеңес алу үшін Сіз әрдайым басқарманың ресми аккаунттары: Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы байланыса аласыз.