Гоголь көшесіндегі “Пинта” желісінің жазғы террасасы бұзылды

Гоголь көшесіндегі “Пинта” желісінің жазғы террасасы бұзылды

Аталған мекен-жай бойынша орналасқан кафенің жаздық алаңы мемлекеттік жер қорын басып алу жолымен салынғаны анықталды.
Бұл нысан бойынша сот ісі 2019 жылдан бері жалғасып келеді - ол кезде МАӘС бұйрығымен меншік иесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 319-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, бірақ біздің нысанды бұзу туралы талабымыз қанағаттандырылмады.
Биылғы жылы біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде заңсыз тұрғызылған жазғы алаңды бұзуға қол жеткіздік.
Гоголь көшесі, 169 мекен—жайында орналасқан танымал мекеменің террасасын бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.