Алматы орталығында тағы бір донер сататын мекеме сүрілді

Алматы орталығында тағы бір донер сататын мекеме сүрілді

Абай-Масанчи көшелерінің қиылысындағы алматылықтар арасында танымал «Алматы донері» кафесі осымен 4 рет бұзылды. 2016 жылы сот нысанның заңсыз тұрғызылғандығын анықтап, кейін оны бұзу туралы шешім шығарған.
Соған қарамастан, кәсіп иесі осы уақытқа дейін заңсыз әрекеттерін табандылықпен жалғастырып келді - құрылыстың әртүрлі кезеңдерінде сүру жұмыстары осымен төртінші мәрте жүргізіліп отыр.
Бұл жолы мекеме металл жақтауды орнатып жатқан кезде жұмысы тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Гоголь көшесіндегі мемлекеттік қордың жерінде салынған “Пинта” мейрамханасының жазғы террасасының сүрілгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.