Біз заңсыз тұрғызылған нысандарды бұзуды жалғастыру үстіндеміз

Біз заңсыз тұрғызылған нысандарды бұзуды жалғастыру үстіндеміз

Сонымен, кеше Құлжа тас жолы бойындағы рұқсатсыз салынған ғимарат - қонақ үй, кафе мен дүкенді қамтитын кешен бұзылды.
Жер қатынастары басқармасының нысан иелеріне қатысты талабы бойынша сот ісі ұзақ уақыт бойы жүргізілді. Кейіннен сот кешенді сүру туралы шешім қабылдады, бірақ нысан иелері талапты осы уақытқа дейін орындамай келді. Сондықтан, бір күн бұрын біз сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты күшпен бұздық.
Бүгін тағы бір коммерциялық нысан бұзылды - Сәтбаев көшесіндегі гүл дүкені.
Өткен жылы жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы алаңы 180 шаршы метрден асатын гүл павильоны екендігі көптеген заң бұзушылықтарға жол бере оытрып тұрғызылғаны анықталған еді. Гүл дүкені жобалық-сметалық құжаттамасыз және жобалық сараптамасыз, авторлық және техникалық қадағалаудың сүйемелдеуінсіз, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы уәкілетті органға хабарланбай салынған.
Сонымен қатар, нысан иелері дүкенді «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-2 бабының 2 тармағының 9 тармағын бұза отырып, жеке тұрғын үйді бұзу арқылы салған.