Бүгінгі таңда қалада жүздеген құрылыс компаниясы жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда қалада жүздеген құрылыс компаниясы жұмыс істеуде

 Уәкілетті орган ретіндегі міндеттеріміздің бірі өз құзыретіміздің шеңберінде бұл көрсеткіштің құрамы сапалы және адал компаниялардан құралуы бойынша тиісті шаралалар қабылдау. Біз қала тұрғындарын осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы, сондай-ақ өз қызметіміздің басқа да маңызды аспектілері туралы үнемі хабардар етуге тырысамыз.

Өздеріңіз білетіндей, қала құрылысын бақылау бөлімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асырады. 2020 жылыдң сәуір айында құрылыс лицензиясын беру бойынша біршама өзгерістер енгізілді.

Қазір жоғары санаттағы лицензия алған кезде, қолданыстағы төменгі санаттағы лицензиялар жарамсыз болып саналады (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 сәуірдегі No 175 бұйрығы).

Осылайша, егер бұрын әртүрлі санатта лицензиясы бар құрылыс компаниясы, лицензиясының біреуі жойылғаннан кейін, басқа санаттағы лицензиялар бойынша жұмысын жалғастыра алса, соңғы енгізілген түзетулер бойынша жаңадан құрылған құрылыс компанияларының жұмысты сапалы әрі заң бұзушылыққа жол бермей атқаруға ынталандыруға бағытталған.  Сондай-ақ, өзгерістер сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшы сертификаттарына да қатысты.

Айта кету керек, өткен жылдың сәуір айынан Басқарма 277 құрылыс лицензиясының және 35 сарапшы аттестатының жұмысын тоқтатты.

Біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз және қолданыстағы құрылыс компанияларына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, бізге төменгі санаттағы лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен жүгіну керектігін ескертеміз.