Лицензиялау тақырыбына оралсақ, біз лицензиядан кейінгі бақылауды да жүзеге асыратынымызды айта кеткен жөн

Лицензиялау тақырыбына оралсақ, біз лицензиядан кейінгі бақылауды да жүзеге асыратынымызды айта кеткен жөн

Лицензиялау тақырыбына оралсақ, біз лицензиядан кейінгі бақылауды да жүзеге асыратынымызды айта кеткен жөн.

Қала тұрғындарының құрылыс алаңдарындағы заң бұзушылықтардың алдын-алуға үлкен үлес қосып жүргендігін де атап өту қажет - тұрғындардан үнемі ресми үндеулер алып, қағылған дабылдардың негізінде тексеріс ашамыз.

Бүгінгі күні құрылыс нысандарында 323 құрылыс компаниясы және 135 техникалық қадағалау ұйымы қатысуда.

Өткен жылғы тексерістер нәтижесінде, құрылыс сапасына әсер ететін заң бұзушылықтар анықталғаны үшін 258 мердігерлік ұйым жауапқа тартылды. 69 компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылып, 178-нің лицензиясы мүлдем жойылды.

Құрылыс алаңдарында  бақылауды дұрыс ұйымдастырмағаны үшін 47 техникалық қадағалау ұйымы (18-інің сараптамалық куәлігі тоқтатыла отырып) жауапқа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда және одан әрі күшейтілетін болады.