Тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

Тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

Бұған дейін біз Сейфуллин даңғылы, 462 мекенжайында орналасқан нысанды жер заңнамасының сақталуы бойынша тексеріп, меншік иесінің мемлекетке тиесілі жер учаскесін иеленіп алғанын анықтаған болатынбыз.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, орын алған заңсыздықты жою жөнінде ұйғарым шығарылды.
Алайда заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу, тек соттың араласуымен ғана шешілді.
Нысан иесі шығарылған нұсқаманы орындаған жоқ, соған байланысты біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жаздық. МАЭС шешімімен, бұрын шығарылған бұйрықты мәжбүрлеп орындау туралы талап арыз қанағаттандырылды.
Кеше сот орындаушыларымен бірге нысанды бұзу жүзеге асырылды.