Кеңес барысында Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.К. Ахетов мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлін арттыру, Әдеп кодексі талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын орындау, сондай-ақ функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң сақтау мәселелерін жан-жақты түсіндірді.
Қызметтік тәртіпті нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және жұмыс орнында да, одан тыс уақытта да жоғары мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен Әдеп кодексі нормаларының сақталуын бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.