Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

 

Алматыдағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне қосымша салынған нысан сүрілді. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Тексеру барысында нысаннан белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін заңбұзушылықтар анықталған. Осыдан кейін меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта нысанның кіреберіс бөлігін меншік иесі өз еркімен бұзды.