Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес өткізілді

Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес өткізілді

2025 жылдың 24-ші шілде Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты әдептік қағидаттары айтылды. 

Сондай-ақ, қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі, заңнамаға енгізілген өзгертулер Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін хабарлаған тұлғаларды марапаттау қағидаларын жүзеге асыру немесе басқа жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқаны туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қала құрылысын бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сапалы талдауды қамтамасыз ету туралы да айтылды.

М. Ахетовтың сөзінің қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары айтылды.