
Өткен шақ. Қазіргі сәт. Болашақ
Көпес сәулетшімен не себепті соттасты?
Белгісіз ”Қызыл таң” ғимараты.
ХІХ ғасырдың соңында Верныйда Жібек жолының бойында жаңа ғимарат бой көтереді.
Тапсырыс беруші, сол ғасырдың белгілі көпесі Исхак Габдулвалиев болған еді.
Ал Алматының көрікті жеріне айналған ғимаратты кім ойға алып, "жүзеге асырды? "
Көптеген дереккөздерде сәулетші Андрей Зенков көрсетілген.
Бірақта филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Бөкетова "Қызыл таңды кім және қашан салды" атты мақаласында жобаның авторы, белгілі сәулетші Павел Гурдэ болғанына дәлел келтіреді.
Одан бөлек көпес “бұданда жоғары ғимарат” салып, мешіт жанына дүкен ашуға рұқсат бермегені үшін сәулетшіге шағым жазады.
Саудагердің шағымына Гурдэ :"мен 1000 рубльге де алмаймын..."-, деп тура кесіп,ойын ашық білдіреді.
Габдулвалиев талап етуді тоқтатпайды.
Мұрағатта "көпес Исхак Габдулвалиевті Гурдэ қаласының сәулетшісін қорлады"-, деп айыптау ісі пайда болды.
Соңында сот саудагер Исхак Габдулвалиев айыппұл төлеуге тиіс деген шешім шығарады.
Бірақта оқиға бұнымен аяқталған жоқ еді.
Алматылықтарға таныс "Қызыл таң" бейнесі шындығында, Андрей Зенковтың арқасында жүзеге асқан.
Ал 1912 жылы қалпына келтіру жұмыстарының арқасында сауда кешені сәулеті жағынан жаңаша тынысқа ие болып, тұтастай ғимаратты өзгертті деуге болады.
1982 жылдан бастап, "Қызыл таң" Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне айналды.
Сот коммерсант Исхак Габдулвалиев айыппұл төлеуге тиіс деген шешім қабылдады.
Бірақта оқиға бұмен аяқталған жоқ.
Алматылықтарға таныс "Қызыл таң" бейнесін Андрей Зенковтың арқасында алды. Бұл 1912 жылы реставрация жасау арқасында "сауда кешені", сәулеттілік сәнін беріп әрі тұтастай ғимаратты өзгертті деуге болады.
1982 жылдан бері "Қызыл таң" Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне айналды.