ҰОС ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді

ҰОС ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ауданда тұратын соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар мен куәліктер табыс етілді.

Бұл марапаттар – олардың ерлігіне, жанқиярлығына және Ұлы Жеңіске, сондай-ақ соғыстан кейінгі елді қалпына келтіруге қосқан баға жетпес үлесіне деген терең ризашылықтың белгісі.