Әуежай көлінің жағалауында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ауданның негізгі эко-науқаны өтті.
200-ден астам адам — қалалық Мәслихат депутаттары, ауданның белсенді тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен коммуналдық қызметтердің қызметкерлері сенбілік жұмыстарына қатысты. Көл аумағында қоқыс жиналып, шығарылды, абаттандыру элементтері қалпына келтірілді, шөп шабылып, су қоймасы маңайы тазартылды.
Сонымен қатар 100-ден астам әскери қызметші Закарпатская көшесіндегі серуен аймағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, бүгін аудандағы мемлекеттік мекемелер, мектептер мен балабақшалар, сондай-ақ кәсіпкерлік пен мәдениет саласының өкілдері өз аумақтарын және оларға іргелес жерлерді тазарту жұмыстарын жүргізді.
Белсенділік танытқан әрбір жанға алғыс білдіреміз!
#ТазаҚазақстан #АлматыНашОбщийДом #Субботник #80летПобеды