Ауданда өткен экологиялық науқан Аспан саябағында ағаштардың жаппай отырғызылуымен басталды.
Тал және терек тұқымдасына жататын 80 түп ағаш жасыл аймақты толықтырды, сонымен қатар саябақта абаттандыру элементтерін қалпына келтіру, автоматтандырылған суару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді, қала тұрғындарының бірлескен еңбегімен ондаған текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.
Шара мерекелік және достық атмосферада өтіп, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуімен сүйемелденді.
Эко-науқанға 200-ден астам – кәсіпкерлік, банк саласы, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айта кету керек, бұл – Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық федерациясымен бірлесе атқарылып жатқан алғашқы шара емес. Біз үш жыл қатарынан ағаш отырғызу шараларын және ауқымды сенбіліктерді бірлесіп ұйымдастырып келеміз.
Ауданның жасыл қорын толықтыруға үлес қосқан әрбір қатысушыға алғысымызды білдіреміз!
#ТазаҚазақстан