Аудан әкімі Б.Ақжаров жасыл аймақтарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жоспарын жан-жақты талқылады.
Жас-Қанат шағын ауданындағы скверге барып, қазіргі таңда ондағы суару жүйесін жөндеу және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған бедер тақта орнату жұмыстары жүріп жатқанын көрді.
Сондай-ақ Әуежай сквері, Ардагерлер сквері, Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған скверді және Әуежай көлінің жанындағы Желтоқсан саябағын аралап шықты.
Мердігер ұйымдарға абаттандыру элементтерін шағын мерзімді жөндеу және учаскелердің санитарлық жағдайына бақылауды күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.