«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – аудан әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамыр мен 19 маусым аралығында аудан әкімі аппаратының қызметінде (коммуналдық шаруашылық бөлімі, көріктендіру бөлімі, инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 19 мамырға дейін дейін ақпаратты gos.pravo@bk.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp: +7 707 728 01 22 арқылы жолдауыңызды сұраймыз:
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Ақпараттың құпиялығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.