Тұздыбастау қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Тұздыбастау қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында электр энергиясын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ірі қосалқы станцияның құрылысы аяқталуға жақын.

Басқарманың мердігер ұйымы үш бригадамен бірге магистральды кабель желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде, одан кейін мердігер іске қосу-жөндеу жұмыстарына кірісіп, қосалқы станцияны қалалық қызметтердің балансына тапсырады.

Еске салсақ, бұған дейін аталған шағын аудандарда қолданыстағы электр желілері қайта жаңғыртылған болатын. Қосалқы станция пайдалануға берілген соң, абоненттер қалалық қызмет көрсетуге ауыстырылады.