Жаяу Мұса көшесіне жүргізілетін орташа жөндеу жұмыстары

Жаяу Мұса көшесіне жүргізілетін орташа жөндеу жұмыстары

Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы желісі бойынша Жаяу Мұса көшесінде Рысқұлов даңғылынан Тараз көшесіне дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мердігер ұйымының кепілдік міндеттемелері аясында Қайрат шағынауданындағы жол шұңқырлары қалпына келтірілетін болады.